Эталон маркалы мұнай бағасы өсті

671

АҚШ мұнай қорының азаюы қара алтын бағасының өсуіне әсер етті.

Эталон маркалы мұнай бағасы өсті

Америкалық мұнай институтының хабарлауынша, шикізат қоры өткен аптада 11,1 млн баррельге қысқарған. Бұл маусым айынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар дистиллят пен бензин қоры 2,8 млн баррельге кеміген. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1,2 пайызға қымбаттап, баррелі 60,20 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,5 пайызға көтеріліп, барреліне 55,75 долларды құрады.

ОПЕК елдері шикізат өндірісін қысқартқаннан кейін осы жылдың екінші жартысында әлемдік мұнай қоры азаяды деп отыр. Ұйымға мүше елдердің мониторинг бойынша комитетінің мәліметіне сүйенсек, шілде айында мұнай қоры 159 пайызға кеміген. 

Естеріңізге сала кетейік, нарықты қалыпқа келтіру үшін Сауд Арабиясының билігі келесі айдан бастап Saudi Aramco компаниясы күніне 7 миллион баррель өндіретінін жариялаған еді. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, бұл бұрынғы сұраныс көлемінен 700 000 баррельге аз.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу