Эталон маркалы мұнай бағасы тағы да көтерілуде

699

Бұған Таяу Шығыстағы ахуал себеп.

Эталон маркалы мұнай бағасы тағы да көтерілуде

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,4 пайызға көтеріліп, баррелі 64,66 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,8 пайызға қымбаттап, барреліне 58,61 долларды құрады.

Сауд Арабиясының мұнай қорын қалпына келтіруге бағытталған шаралары және әлемдік мұнай қорының жеткілікті деп жариялануы нарықтағы жағдайды тұрақтандыра алмады. Вашингтон мен Эр-Рияд болса, Saudi Aramco компаниясына жасалған шабуылды Иран Республикасы ұйымдастырды, сондықтан шикізаттың бағасы өсіп кетті деген пікір білдірді. Бірақ ресми Тегеран өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып отыр.

Vanda Insights директоры Вандана Хари: " АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің ушығуы нарықты тұрақсыздандырып отыр, бірақ оның арты қарулы қақтығысқа ұласады деп ойламаймын", – деді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу