9 қазанда эталон маркалы мұнай құны арзандады. Бірақ осы аптадағы өсім жоғары.
Соңғы мәлімет бойынша, Brent баррелінің бағасы 0,21%-ға төмендеп, 43,25 доллар болды. WTI баррелі 0,12%-ға арзандап, 41,14 доллар болды.
Осы аптаның басынан бері Brent 10%-ға, WTI 11%-ға қымбаттаған еді.
Дельта сұрапыл дауылы Луизиана штатының жағалауына 9 қазанда жақындайды деп жарияланды. Осы орайда Мексика шығанағында орналасқан мұнай өндіруші компаниялар өндірісті тоқтатып тастады. Кей сарапшылардың пікірінше, бұл фактор осы аптада шикізат бағасының өсуіне оң әсерін тигізген.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу