Эталон сұрыпты мұнай фьючерстері арзандады

819

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 61,70 доллар болды.   

Эталон сұрыпты мұнай фьючерстері арзандады

Бұған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі мен ОПЕК елдерінің шикізат өндірісін қысқартуға құлшыныс танытпауы себеп. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің сауда келісімінің бірқатар бөлігіне желтоқсанға дейін қол қоймайтыны белгілі болды. 

Сауда соғысы кесірінен нарықтағы сұраныс төмендеп, ал шикізат жеткізілімі, керісінше, артып отыр. Өткен аптада АҚШ-тың мұнай қоры 7,9 млн баррельге көбейген. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 4 центке арзандап, 61,70 доллар болды.  
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1 центке арзандап, барреліне 56,34  долларды болды.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасының 60 доллардан асуы нарықтағы тұрақтылықты білдіреді. Айта кететін жайт, ОПЕК елдерінің министрлері Вена қаласында 5 және 6 желтоқсанда бас қосады. Олар "қара алтын" өндірісіне қатысты ортақ шешімге келуі тиіс. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу