Эталон сұрыпты мұнай құны арзандап жатыр

699

Екінші толқын кесірінен сұраныс азаюы мүмкін.

Эталон сұрыпты мұнай құны арзандап жатыр Фото: ria.ru

19 қазандағы сауда қорытындысы бойынша әлемдік мұнай бағасы төмендеді. Бұған коронавирус індетінің таралып, науқастар санының артуы себеп болып отыр. 

Соңғы мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,07%-ға төмендеп, 42,86 доллар болды. WTI баррелі 42,93 долларға саудаланып жатыр. 
Коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталады деген болжамдардан кейін мұнайға деген сұраныс қайтадан азаюы мүмкін. ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо да кері динамика байқалады дегенді айтып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу