Эталондық мұнай маркаларының бағасы өсуде

Америкада инфляция 3%-ға дейін төмендеген.  

Эталондық мұнай маркаларының бағасы өсуде Фото: inbusiness.kz

АҚШ долларының әлсіреуі және мұнай қорының өсуі туралы мәліметтерге қарамастан "қара алтынның" құны өсуде, деп жазады inbusiness.kz.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 12 шілдеде 20:55-те 1,12%-ға өсіп, барреліне 80,29 долларды құрады.

Осылайша Brent бағасы 1 мамырдан бері алғаш рет барреліне 80 доллардан асты.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің бағасы

(NYMEX) көрсетілген уақытта 1,34%-ға өсіп, 75,83 долларға жетті.

Сарапшылар мұнай нарығына АҚШ-тағы инфляция туралы деректермен ықпал етті деп есептейді. Америкада тұтыну бағасының өсу қарқыны маусымда 3%-ға дейін төмендеген. Мамырда инфляция 4% болатын. Бұл 2021 жылдың наурызынан бері ең төменгі көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу