Этиотропты ем кімге тағайындалмайды?

2138

Өзін жақсы сезінген науқастар ПТР-тест тапсыруға міндеттелмейді.

Этиотропты ем кімге тағайындалмайды?

Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде маңызы зор. №5 қалалық емхана директоры Алтыншаш Табылдина орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте осылай деді. 

"Cтационарда ауыр, аса ауыр жағдайдағы науқастар емделеді. Ал ауру белгісі байқалмайтын науқастардың 80% амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бақыланады. Осылайша олардың ауруының асқынуының алды алынады", – деді Алтыншаш Табылдина. 

Дәрігердің сөзінше, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың қызметкерлері өз-өзін емдеумен айналысудың соңы адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін, дәрігердің рұқсатынсыз антибиотик қабылдауға болмайтынын да түсіндіреді. 

"Амбулаторлық кезеңде ауру белгісі жоқ және ауруы жеңіл өтіп жатқан науқастарға этиотропты ем тағайындалмайды. Олар күнде телефонмен тілдесу арқылы бақыланады. Науқастың клиникалық белгілерінде өзгеріс байқалса, оны ауруханаға жатқызамыз. Қажет болған жағдайда науқас анализ тапсырып, компьютерлік томографиядан өтеді. Науқаста үш немесе одан көп күн дене қызуы болмаса және ауру регрессия көрсетсе, біз екінші рет сынама алмай, науқасты бақылаудан босатамыз. COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткен науқастар 14 күн бақылауда болады. Осы уақыт аралығында науқас өзін жақсы сезінсе, оған қатысты оң шешім қабылданады. Науқас ПТР-тест тапсыруға міндеттелмейді", – деді дәрігер. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу