Етке сұраныс артты, бағасы қандай болмақ?

179

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының өспейтінін мәлімдеді.

Етке сұраныс артты, бағасы қандай болмақ? Фото: inbusiness.kz

Министрлік өкілінің айтуынша, жалпы азық-түлік тауарларына қатысты инфляция деңгейі байқалмайды, тіпті керісінше, 0,1%-ға төмендегені тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ет бағасының тұрақтылығына экспортқа қойылған шектеулер әсер еткенін жеткізді. 

"Етті қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ірі қараның экспортына шектеу қойдық. Ол дегеніміз шикізаттың экспортқа шикізат ретінде кетуін емес, іштегі қолданыстағы жүктемелерді көтеру арқылы оларды іште қайта өңдеп, одан кейін дайын өнім түрінде экспортқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021 жылдан бастап бұл шара жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде біз ішкі нарықтағы жүктеменің ұлғайғанын байқап отырмыз",  – деді Назгүл Хатепова.

Осылайша, ет бағасының өсу қаупі жоқтығын ресми түрде расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу