Этникалық қазақ Қытайдың солтүстік-батысындағы қалаға әкім болып сайланды

472

Қандасымыз Қытайдың Алтай аймағында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған.

Этникалық қазақ Қытайдың солтүстік-батысындағы қалаға әкім болып сайланды Фото: zhangye.gov.cn

Қытайдағы этникалық қазақ Ербол Зықанұлы Ганьсу провинциясының Чжанъе қаласына әкім болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Е.Зықанұлы 1973 жылы мамырда Қытайдың Алтай өңірінде дүниеге келген, жоғарғы білімі бар. Бұған дейін Буыршын ауданының әкімі, Алтай аймағы әкімшілік басшысының орынбасары секілді лауазымды қызметтер атқарған.

Чжанъе – Қытайдың Солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясына қарасты жергілікті маңызы бар қала. Жалпы жер ауданы 39 436,53 шаршы шақырым, тұрғылықты халық саны 1,2 млн-ға жуық, оның 97 пайызы этникалық қытайлар. Қалаға тәуелді Сунань сарыұйғыр автономиялық ауданы Қытайда ғана кездесетін түркітілдес сарыұйғыр халқының тарихи мекені саналады. Сондай-ақ қала округінде дүнген, моңғол, тибет халықтарының өкілдері тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу