Этникалық қазақтарды қолдауға 1,8 миллиард теңге бөлу жоспарланған

530

Этникалық қазақтарды қолдауға 1,8 миллиард теңге бөлу жоспарланған

Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау үшін республикалық бюджеттен 2018-2022 жылдарға 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланған, деп хабарлайды LS.

"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған жоспар бойынша, қаржыландыру көлемі заңнамаға сәйкес республикалық бюджетті тиісті қаржылық жылға сәйкестендіру кезінде нақтыланатын болады. Сондай-ақ жарияланбаған қаржыландыру шаралары да бар.
Мысалы, елден тыс жерде тұратын танымал қазақтар туралы "Алыстағы ағайын" фильмінің кезеңдерін жасауға 58,6 млн теңге бөлінеді. Ал этникалық қазақтарды мемлекеттік тілді дамыту туралы тележобаға тартуға  жыл сайын 104,9 млн теңге қарасырылады. Сондай-ақ казақ диаспорасы өкілдері  Қазақстанда оқып, шәкіртақы алады.

Жалпы жоспар бойынша 29 шара жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу