Этникалық қазақтарға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі

1943

Көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасы мәжілісте қаралып жатыр.

Этникалық қазақтарға "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі

Былтыр Қазақстанды атажұрт санайтын 9 993 отбасы шетелден қоныс аударды. Олардың 8 200-і азаматтық алып үлгерді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Біржан Нұрымбетов осылай деді. 

Оның сөзінше, 1991 жылдан бері 1 млн 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесіне қол жеткізген. 

"Қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру, елге келген этникалық қазақтар мен мигранттар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасы әзірленді. Құжат мәжілісте қаралып жатыр. Заң жобасы аясында оралмандарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығын қарастыру ұсынылған. Бұған қоса "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін оңтайландыру көзделген", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу