Этноауылға 10 мыңға жуық қонақ келген

1132

Этноауылға 10 мыңға жуық қонақ келген

Қорқыт Ата мемориалдық кешені жанындағы этноауылға бүгінге дейін 10 мыңға жуық қонақ келген, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Этноауыл аумағында 16 қанатты хан үйі және 6 киіз үй тігілген. Оның әрқайсысында саз, кілем, киіз, зергерлік, былғары бұйымдары қойылып, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен ойындар ұйымдастырылуда. Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылады. Сонымен бірге, туристер үшін Қорқыт ата кешені аймағында жылқы мен түйеге мініп, серуендеу қарастырылған. Шетелдік туристерге этноауыл аймағын таныстыратын 3 тілде сөйлейтін гид-экскурсоводтар жұмыс жасауда.

Келушілер қатарында облыс тұрғындарынан бөлек өзге облыс азаматтары мен шетелдік туристер де бар. Мысалы, қазақтың тарихы мен салт-дәстүрлерін паш ететін бұйымдармен Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения , Гондурас, Бельгия, Финляндия, Гренада, Соломонов Аралы, Израиль, Нидерланды, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Азербайджан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда, Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия мемлекеттері азаматтары танысқан.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу