Мақсат қазақтың салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту. Шараны білім басқармасы мен №91 мектеп-гимназиясы ұйымдастырды. Астана қаласында мектепішілік лагерлердің екінші маусымы өтіп жатыр. Биылғы жылдың жазғы кезеңінде демалыстың барлық түрлерімен бірінші сыныптан 10 сынып аралығындағы 200 мыңнан астам оқушысы, яғни 96 пайызы қамтылуда. Елорда бойынша 97 мектеп жанындағы лагерь, оқушылардың қызығушылықтары бойынша 75 бейіндік, 21 спорттық және 20 этнолагерь бар. Осы жылдың жаңалығы да сол қаланың 20 мектебінде жаз бойы жұмыс істейтін этнолагерьлер ашылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу