Этномәдени бірлестік өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді

298

Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Астанадағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында концерт қойып, ұлттық тағамдар әзірледі.

Этномәдени бірлестік өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді Фото: gov.kz

Түрлі этнобірлестіктен құралған өнерпаздар қарттардың көңілін көтеріп, ізгі тілектерін білдірді.

"Біздің орталықта 350 адам тұрады, тағы 560 адам үйде қызмет алады. Олардың қатары 16 ұлт өкілінен құралған, сондықтан бұл мереке олардың әрқайсысына ерекше қымбат. Бүгінде біз қарт адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға ерекше назар аударамыз. Іс-шараның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз, назарларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін рахмет", - деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Сәуле Қайырова.

Өзбек этномәдени орталығының мүшелері де аға буын өкілдерін мерекемен құттықтауға барды.

"Біз жыл сайын ақсақалдарымызға құрмет көрсетуге уақыт бөлеміз. Зейнеткерлердің өздерін жалғыз сезінбегенін қалаймыз, сондықтан осындай үлкен концерттер ұйымдастырып, түрлі ұлттық асхана тағамдарын әкелеміз", - деді өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Хасан Шарипов.

Іс-шараны елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Игі іске қалалық әкімдік пен "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу