Etsy жиһаз сатудан ғана $1,1 млрд табыс тапқан

643

Пандемиядан нақты кімдердің пайда көргені белгілі болды.

Etsy жиһаз сатудан ғана $1,1 млрд табыс тапқан

Қолдан жасалған бұйымдарды сататын Etsy интернет дүкені коронадағдарыс кезінде 1 млрд доллардан астам табыс тапты. Сатылым платформасында ең көп сатылған тауар – жиһаз болып шықты, деп хабарлайды Atameken Business.

Басқарма төрағасы Джош Сильверманның айтуынша, үй жабдықтарының саудасы, тіпті, зергерлік бұйымдар мен киімдерді басып озған.

 Осы жылдың тоғыз айында сайт арқылы құны 6,5 миллиард доллардан асатын тауарлар сатылды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш. Таза табысы 201 млн  долларға көтерілді. Акцияларының бағасы да 3 есеге қымбаттады.

Аталған сайт қолөнершілер мен сатып алушылар арасында делдал ретінде қызмет етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу