Еттен шыққан ине тіліне қадалды

2168

Петропавл тұрғыны сатып алған еттен шыққан инеден зардап шекті.

Еттен шыққан ине тіліне қадалды

Петропавлдық Ольга Белякова айдың, күннің аманында ет өнімінен зардап шекті. Ол шаһардағы сауда орындарының бірінен ірі қараның піскен тілін сатып алған. Сөйтіп, тағамға ауыз тигізген кезде ішінен иненің сынығы шығып, тіліне қадалыпты, деп хабарлайды 24.kz.

"Ауруханаға жеткенше тілімнің оң жағындағы қан тамырлары ісіп кетті. Дәрігерлер бірден вирусқа қарсы дәрі берді. Егерде жұтып қойсам жағдай тіптен қиын болар еді. Енді үш айдан соң толықтай медициналық тексерістен өтуім керек. Өйткені бұл иненің инфекциясы бар ма, жоқ па оны ешкім білмейді", – дейді қала тұрғыны Ольга Белякова.

Жәбірленуші тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығына арызданады. Ал мамандар қауіпті тағам кәсіпорында емес, үйде жасалғандығын анықтады. 

"Кәсіпкер бұл өнімдерді жергілікті тұрғындардан сатып алып отырған. Тексеру барысында дайындаушының еш құжаты болмай шықты. Яғни мұны жасырын өндіріс деуге де болады. Қазір бұл іске қоғамдық денсаулық сақтау департаментнің мамандары араласты. Біз мұны жәй қалдырмаймыз. Сотқа дейін жеткіземіз", – деді облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу