"Еттің келісі 15-20 мың теңге бола ма": Вице-министр жауап берді

324

Мал шаруашылығы саласы дамып келе жатыр.

"Еттің келісі 15-20 мың теңге бола ма": Вице-министр жауап берді Фото: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ықтимал ет тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Сарапшы ет бағасы келісі үшін 15-20 мың теңгеге баруы мүмкін екенін айтты. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?" деп сұрады.

"Жоқ, біз бұл тұжырыммен түбегейлі келіспейміз. Мал шаруашылығы – қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Өкінішке қарай, әзірге ол біз қалағандай қарқынмен дамып жатқан жоқ. Мемлекет басшысы мал шаруашылығын дамытуға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеп, бекітуді тапсырған болатын. Барлық сала мемлекеттік қолдаумен қатылатын болады", – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министр Орталық Азия нарықтарында отандық етке деген ажиотажға толы сұраныс байқалып отырғанын жеткізді. Ет Қытай мен Еуропаға да экспортталады. Бұдан бөлек қазақстандық тараптың Түркия нарығына қызығушылық танытып отырғаны да белгілі болды.  

"Негізгі мақсат – осы сыртқы сұраныстың ел ішіндегі бағаларға әсерін болдырмау. Бұған мал басын арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Барлық қажетті шаралар қабылданады. Биыл асыл тұқымды және тауарлық мал сатып алу бойынша жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын іске қосамыз", – деді АШМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу