Екібастұз қаласында жеке тұрғын үй өртке оранып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.
"Сағат 8:40 минут шамасында Угольная көшесі, 3 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, баспананың төбесі бұзылған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 1969 және 1971 жылы туған ер азаматтардың мәйітін анықтады. 11:03 шамасында өрт толығымен жойылды. Оның көлемі 40 шаршы метрді құрады. Бұл жұмысқа өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің жеке құрамынан 15 адам және үш техника жұмылдырылды", - дейді мамандар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қайғылы оқиғаның орын алу себептері анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу