Eurasian Resources Group алғашқы отандық кальцийленген сода өндірушіні қолдауды жоспарлап отыр

908

Жамбыл облысында салынып жатқан кальцийленген сода өндіретін зауытты 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл – елдегі алғашқы кальцийленген сода өндіруші болмақ. 

Eurasian Resources Group алғашқы отандық кальцийленген сода өндірушіні қолдауды жоспарлап отыр

Мамандар өндіріс ошағы қазір Қазақстанға импортталып отырған сода көлемін толық өзі қанағаттандыра алады деп отыр. Eurasian Resources Group (ERG) пен "Qazaq Soda" ЖШС келешектегі жеткізілімдерге өзара ниетті екені туралы Меморандум жасасты.

Зауыт құрылысы қоршаған ортаға кері ықпалды барынша азайту қамында "Zero Waste technology" қағидаты бойынша жоспарланған. Кальцийленген соданы Сольве әдісімен өндіру көзделіп отыр. Яғни, табиғи тұз ерітінділерін аммиак және көмірқышқыл газымен байыту жолымен. Оны жентектеген кезде бикорбонат пен кальцийленген сода түзіледі. Басты ерекшелігі – барлық кезеңдерде өндіріс үрдісі үзіліссіз. Сольве әдісі бұл тұрғыдан алғанда ең шығыны аз және экологиялық тұрғыда оң, жоғары таза өнім алуға мүмкіндік береді. 

 – Кальцийленген сода металлургияда кеңінен пайдаланылады. Жыл сайын біздің кәсіпорындар бұл шикізаттың 160 мың тоннадан астамын сатып алады. Жаңа зауыт іске қосылса, біз тек қажетті өнімді сатып алумен шектелмей, отандық тауар өндірушіні қолдай аламыз. Әзірге біз кальцийленген соданы сырттан импорттауға мәжбүрміз. Біз отандық тауар мен қызмет жеткізушілер қатарын ұдайы саралап, кеңейтіп келеміз. Келешекте өнімнің осы түрінде импортты алмастыра алатын болсақ, тек қуаныштымыз,- деді "ERG Коммерция орталығы" ЖШС Бас директоры Руслан Мулюкбаев.

"Qazaq Soda" ЖШС кальцийленген соданың 2 түрін: А (ауыр) және Б (жеңіл) маркалысын өндіреді деп күтілуде. Олардың ерекшелігі – құрамындағы химиялық элементтер мен төсемнің тығыздығында. А маркалы өнім – металдарды тазарту мен оларды майдан арылту, домна шойындарын күкіртсіздендіруге, алюминий өндірісінде бокситтерді өңдеуге және металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Ал, Б маркалы кальцийленген сода – көбіне текстиль, қағаз бен тағам өндірісіне қажет. ERG кәсіпорындары арасында кальцийленген соданы Павлодар алюминий зауыты тұтынады. Ол бастапқы алюминий тотығын алу барысында сілті теңгерімін қалпына келтіруші ретінде жұмсалады.

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады. 2019 жылы Eurasian Resources Group өзінің Қазақстандағы 25-жылдық мерейтойын атап өтті, ал Люксембургтегі кеңсесінің қызметіне 5 жыл толды.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), "Шұбаркөл көмір", "3-Энергоорталық" АҚ және "ТрансКом" Көлік тобы мен ERG Service.

Африкада ERG мыс және кобальт кендерін қазып алады, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Жақында Топ Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) кәсіпорнын іске қосты, ол Конго Демократиялық Республикасындағы бұрыннан жиналған өндіріс қалдықтарын қайда өңдеу бойынша ірі кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елдерде, атап айтқанда Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдерінің тізбегін Sabot атты арнайы көліктік компанияның көмегімен жүзеге асырады, ол "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізінде құрлықаралық тасымалдау қызметін көрсетеді.

Бразилияда ERG Pedra de Ferro жобасын, Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру бойынша біріктірілген кешенді, Porto Sul теңіз портын және FIOL құрлық аралық темір жолын дамытып жатыр.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық Aльянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу