Eurasian Resources Group басшылары өз жалақыларын 30% төмендету туралы бастама ұсынды

1014

Бұл бастама әлемде коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған қиындықтармен, әсіресе, нарықтағы металл бағаларының күрт төмендеуімен тікелей байланысты.  

Eurasian Resources Group басшылары өз жалақыларын 30% төмендету туралы бастама ұсынды

ERG S.à r.l. Бас атқарушы директоры Бенедикт Соботка мен ERG S.à r.l. Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев өздерінің жалақыларының уақытша 30%-ға азайту туралы компанияға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Eurasian Resources Group.

Компанияның басшылары дағдарыстың жақын уақытта аяқталып, әлемдік экономиканың қайта қалпына келуінде тау-кен және металлургия өнімдері шешуші рөл атқаратындығына сенім білдірді. Топ қабылдаған алтын-алу шараларының арқасында, компанияның барлық өндіруші активтері компания жұмыс жасайтын елдердегі коронавирусқа байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан әдеттегі режимде жұмыс жасап жатқандығы туралы атап өтті.

Әлемдік экономика біртіндеп қалпына келу кезінде туындайтын өсім мүмкіндіктері мен көздерін толығымен қолдануға Топтың жеткілікті резервтері, жақсы ресурстары мен бәсекелес артықшылықтары бар.

Топтың басқарушы командасы адамдардың қауіпсіздігі мен жауапкершілікті бірінші орынға қояды. Осы орайда, осындай ұстанымды жеке бастық үлгі көрсету арқылы қолдау және әлемдегі макроэкономикалық жағдайдың кез-келген даму сценарийінде бизнестің орнықтылығын сақтау мен компанияның бәсекелестігін күшейте түсу өте маңызды деп санайды.

Бенедикт Соботка мен Алдияр Қазтаевтың ұсыныстары бойынша, олардың жалақыларын уақытша 12 айға төмендету туралы шешім шұғыл түрде күшіне енеді. Компанияның өзге де басшылары өздерінің жалақыларына қатысты осындай бастаманы қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу