ЕурАзЭҚ елдері Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісімді дайындауға кірісті

1189

ЕурАзЭҚ елдері Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісімді дайындауға кірісті

ЕурАзЭҚ үкіметінің басшылары Иранмен еркін сауда аймағын құруға жетекші болатын келісімді әзірлеуге кірісетін болды, деп хабарлайды "Интерфакс".
Олар Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында  "Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын құруға жетекші болатын уақытша келісімді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы" өкімді бекітті.
Өткен жылғы желтоқсанынның соңында ЕурАзЭҚ елдерінің президенттері бірқатар мемлекеттермен, оның ішінде Иран, Мысыр, Үндістан және Сингапурмен еркін сауда аймағын құру туралы  келіссөздерді бастауды мақұлдаған болатын.  Ол бойынша кеңесулер Сербия мен Израильмен де басталған.
Барлығы Бішкекте 10-нан астам құжатқа қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу