"Еуразия" арнасы қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат расталды

684

"Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын".  

"Еуразия" арнасы қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат расталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Евразия + ОРТ" ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шынында да арна басшылығының бастамасымен жүргізіген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта "Қазмедиа орталығы" ғимаратында (соның ішінде "Евразия + ОРТ" ЖШС отыратын орын) эпедемияға қарсы қатаң режимге енгізілді. Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтар анықталып жатыр. Жақын қарым-қатынаста болғандар 14 күндік үй карантиніне жатқызылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңімен коронавирус бойынша тестілеуден өтеді", – деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында.

Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын мәлім етті. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өсімді көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу