Еуразия аумағында бақыланбайтын милитаризацияға жол берілді

796

Ядролық қаруды қауіпсіздік кепілі деп білетін елдер бар.  

Еуразия аумағында бақыланбайтын милитаризацияға жол берілді

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемде ядролық қарудан бас тарта алмай отырған елдер бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Аstana club саяси форумының V отырысында айтты.

"Жуырда орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою туралы келісімнің күшін жоюы – жаһандық әрі аймақтық қауіпсіздікке жасалған үлкен соққы болды. Осы қадам бүкіл Еуразия аумағында бақыланбайтын милитаризацияға жол берді. Өз кезегінде соғысқа дайын елдер ядролық қарудан бас тарту жігерін жоғалтып жатыр. Олар ядролық қаруды өз қауіпсіздігі мен егемендігінің кепілі деп біліп отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу