Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады.
Құжатты таныстырған министр ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Сатып алу және сату туралы келісімге 6 наурызда қол қойылғанын атап өтті.
"Келісімге сәйкес Банктің жарғылық капиталындағы Қазақстанның үлесі 4,3%-ға ұлғаяды. Қазақстан Республикасының және басқа акционер елдердің үлестері өскендіктен, тиісінше Ресей Федерациясының үлесі төмендейді. Бұл Банктің акционерлік құрылымын әртараптандырып, оның қызметінің тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы РФ үлесін қайта бөлу Банк үшін қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, рейтингтер мен кредиттеудің ағымдағы ставкаларын сақтайды", – деді Ерұлан Жамаубаев.