Еуразия медиа форумына 500-ден астам танымал сарапшы қатысады

921

Еуразия медиа форумына  500-ден астам танымал сарапшы қатысады

22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде өтетін үш күндік форумға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал спикерлер, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысады, деп хабарлайды silteme.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, олардың қатарында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның  Женевадағы бөлімінің  меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок бар. Ал сессия модераторы "Пулитцер" сыйлығының иегері, "Нью-Йорк Таймс" газетінің колумнисті Николас Кристоф болмақ.  
Сондай-ақ, шара барысында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, "New Day Strategy" компаниясының басшысы, саяси стратег Роджер Фиск, журналист, саясаткер, құқық қорғаушы Андрей Бузаров, Zaborona.com  жобасының негізін қалаушы, тележурналист Катерина Сергацкова, "Hashtag our stories" негізін қалаушы Юсуф Омар сынды саясаткерлер мен журналистер сөз сөйлейтін болады.
Онда заманауи журналистиканың өзекті мәселелері талқыланады.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу