Еуразия медиа форумында сөз бостандығындағы кедергілер талқыланады

1431

Еуразия медиа форумында сөз бостандығындағы кедергілер талқыланады

Жер бетіндегі климат секілді саяси метеорология да үнемі өзгеріп отырады. Әлемдегі түрлі экономикалық-саяси санкциялар, әскери қарулы күштер, дипломатия мен БАҚ-тың сөз бостандығына кедергі келтіретін әрекеттер қоғамда орын алуы бүгінде таң қаларлық емес. Бұл мәселелер Еуразия медиа форумында талқыланады.

Жиынға Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің  меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы елшісі Гэри Лок қатысады.

Форум үстіміздегі жылдың 22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде  өтеді.

XV Еуразиялық медиа форумға тіркелу 18-мамырға дейін жалғасады.

Жалпы, үш күнді қамтитын шараға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал сарапшылар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысып, медиа саласының өзекті мәселелері қозғалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу