18 желтоқсанда Алматыда ХVI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті. "Еуразия" көрермендері мен қатысушылары 25 елдің кинокартиналарын тамашалады, деп жазады inbusiness.kz кинофестивальдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық байқау бағдарламасы:
Үздік фильм – "Есімде" (реж. Ақтан Арым Құбат, Қырғызстан)
Үздік режиссерлік жұмыс - Леван Когуашвили (Brighton 4th / "Брайтон 4", Грузия).
Үздік режиссерлік жұмыс - Асиф Рустамов ("Мәрмардай суық", Әзірбайжан)
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы - Камара Камалова ("Тығырық", Өзбекстан)
Үздік актер - Навид Мохаммадзаде (Beyond the Wall / "Қабырғаның артында", Иран)
Үздік актриса - Шен Ши Ю (A Woman / "Әйел", Қытай).
Қазылар алқасының дипломы - Қатай Даули, "Боран" (Қазақстан) фильміндегі рөлі үшін.
Қазылар алқасының дипломы - "Мені Ивансыз жерлемеңдер" фильмі (реж. Любовь Борисова, Саха Республикасы).
Қазылар алқасының дипломы - Il Boemo / "Иль Боемо" фильмі (реж. Петр Вацлав, Чехия).
Ұлттық байқау бағдарламасы:
Үздік фильм – "Қызыл анар" (реж. Шәрипа Оразбаева)
Үздік режиссерлік жұмыс – Серік Апрымов ("Ауыл").
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – "Отау" (реж. Әлішер Жәдігеров).
Үздік актер - Әлихан Әбілдин ("Жаздың соңы жақында")
Үздік актриса - Ольга Ландина ("Зере").
Фестивальде сонымен қатар НЕТПАК (Азия киносын ілгерілетудің халықаралық ұйымы) қазылар алқасы жұмыс істеді, олар өз жеңімпазын анықтады – "От" (реж. Айжан Қасымбек, Қазақстан).
Фестивальдің түрлі бағдарламаларына елу фильм қатысқан, оның үшеуі – әлемдік премьералар – "Ару Елена", "Боран" және "Ауыл" фильмдері, сондай-ақ "Мені Ивансыз жерлемеңдер" фильмінің халықаралық премьерасы өтті. Екі азиялық премьера болды – бұл "Мәрмәрдай суық" және "Құдайдың шақыруы" картиналары. Сондай-ақ, көрермендер өз елдерінен "Оскар" сыйлығына ұсынылған төрт картинаны және "Азия Оскарының" (Asia Pacific Screen Awards) иегері "Есімде" фильмін көрді.