Еуразиядағы геосаяси жағдайға қауіп қайдан?

1404

Елбасы агрессивті риторика мен экономикалық санкция әлемнің тұрақтылығын теңселтетінін айтты.  

Еуразиядағы геосаяси жағдайға қауіп қайдан?

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аstana club саяси форумының V отырысында Еуразиядағы геосаяси жағдайға кері әсерін тигізетін қауіп-қатерді атады.

"Біріншіден, бізді келе жатқан дағдарыстан хабар беретін әлемдік экономикадағы ахуал алаңдатады. Сауда текетірестері өсіп келе жатқандықтан, геосаяси тұрақсыздық ахуалына әлемдік институттар теріс бағасын беріп жатыр. Жаһандық өсімнің бәсеңдеуі әлемдік саудаға кері  ықпалын тигізуде. Жаһандық мемлекеттік қарыздың деңгейі 2007 жылғы дағдарыс алдындағы қарыз деңгейінен екі есе артып, әлемдік ЖІӨ-нің 80%-на жетті. Бұл факторлардың барлығы әлемдік тұрақтылықты теңселтіп, Еуразия елдеріне қатты ықпал етіп отыр. Екіншіден, әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шықты. Өзара санкциялар, сауда соғыстары – АҚШ пен ҚХР-дың қазіргі қарым-қатынасының қалыпты жағдайына айналып кеткен. Агрессивті риторика, экономикалық санкция – Батыс пен Ресей арасындағы негізгі қатынас тілі болып тұр. Тұрақты коммуникация арналарының болмауы ахуалды одан сайын қиындатып отыр. Жетекші державалардың арасындағы текетірес автоматты түрде Еуразияның ыстық нүктелеріне ауысып отырады. Ол жағдай Сирия мен Украинадағы мәселені бейбіт түрде шешу амалдарын қиындатады. Ал Брексит – соңғы уақыттың негізгі антиинтеграциялық оқиғасына айналды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу