Еуразиялық банктен 205 мың Еуро жымқырған экс-банкир 7,5 жылға сотталды

967

Қостанай облысында  "Еуразиялық банк филиалының" бұрынғы басшысы Мырзабай Шалбаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Atameken Business.  

Еуразиялық банктен 205 мың Еуро жымқырған экс-банкир 7,5 жылға сотталды

Ол өзі басқарған банктен 205 мың еуро ұрлап, Ресейге қашқан болатын. 2019 жылы қараша айында  Челябі облысынан ұсталып, елге қайтарылды. Мырзабай Шалбаев тергеу кезінде, сот процессі барысында да кінәсін толық мойындады. 30 жасар экс-банкир құмар ойынына тәуелді боп шықты. Ол букмекерлік кеңселердің ұтыс ойындарына клиенттердің есеп-шоттарынан алған ақшаны тіккен. 

Бұл шығындардың орынын толтыра алмай қарызға әбден белшесінен батады.  Ақыры банктен ірі көлемде қаржы ұрлап шетелге қашуды жоспарлапты. Қолға түскенде өзімен болған барлық сома тәркіленіп алынды. Еуразиялық банкке келтірілген шығын - 68 мың 500 еуроны құрап отыр. Жітіқара аудандық соты Мырзабай Шалбаевтан шығынды өтеумен қоса, дүние-мүлкін тәркілеу, қаржы және банк саласында өмір бойы қызмет істеуге тыйым салу жазасын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу