Еуразиялық банктің жалғыз акционері директорлар кеңесі құрамынан Борис Умановты шығаруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Инерфакс-Қазақстан.
Осылайша, кеңес құрамында жеті адам қалды.
Қазіргі уақытта директорлар кеңесінің құрамында Александр Машкевич - төраға, Шухрат Ибрагимов, Павел Логинов, Бақытжан Қожрақов- кеңес мүшелері, Инесса Ким, Жанбота Бекенов және Виталий Репей - тәуелсіз директор қызметінде.
ҚР Ұлттық банкінің дерегінше,Еуразиялық банк қаңтар-қыркүйек айларындағы активтер көлемі бойынша 28 қазақстандық банк арасында 8-орында тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу