Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дан тысқарыға тірі бұлғынды экспорттауға тыйым салды

910

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дан тысқарыға тірі бұлғынды экспорттауға тыйым салды

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дан тысқары жерлерге тірі бұлғынды экспорттауға тыйым салды. Бұл бастаманы РФ табиғатты қорғау министрлігі көтерген, деп хабарлайды "КоммерсантЪ".

Ресейдің бағалы терілер одағының президенті Сергей Столбов "Ресей –  бұлғынды қолда өсірумен айналысатын әрі жабайы бұлғын терісін даярлаушы жалғыз мемлекет. Алайда экологтар өндірісті дамытуға қарсы, себебі қолға өсірілген бұлғын ешқашан көбеймейді деген уәжде.

Ресейдің табиғатты қорғау министрлігінің бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия тірі бұлғынды экпорттауға тыйым салды. "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" құжаттың өзгертілген нұсқасы  27 қаңтарда күшіне енеді. Бұл шара ресей нарығы үшін аса қажет, деп мәлімдеді табиғатты қорғау мекемесі.

"Өндірушілер 2002 жылдан бері Ресейден тірі бұлғынды тасымалдауға тыйым салуды қолдап келді. Бұл ұлттық мүддені қорғаудың жарқын үлгісі", – деді Столбов.

"Жабайы болсын, қолда өсірілген бұлғынды болсын тасымалдауға тыйым салу әлемдік нарықта Ресейдің монополиялық орнын жоғалту қаупін тудырмайды", – деді  РФ табиғатты қорғау  министрі Сергей Донской.

Донской мырзаның айтуынша, бұл шара Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде шекаралық бақылаудың жоқтығынан "бұлғын үшінші елдерге өтіп етіп, оның бағасының өсуіне және нарықта бәсекелестіктің артуына алып келеді" деген сақтықпен қабылданып отырған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу