Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілді – ҚР ИИДМ

630

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен бірлесіп, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілді – ҚР ИИДМ

Құжат тауарлардың жекелеген түрлерінің жасалып шығарылған елін айқындау ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. 

Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оларға қатысты өндіріс шарттары белгіленген мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларын мемлекеттік сатып алу кезінде аталған тауарлардың жасап шығарылған елі Еуразиялық тізілімнен ақпарат ұсынумен расталады.

Қазақстанның сарапшы ұйымдары беретін акті немесе тауардың шығарылуы туралы сертификат тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін негіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу