Еуразиялық экономикалық одақ елдері 600 миллионға жуық адамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алады

264

Бұл туралы Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері 600 миллионға жуық адамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алады Фото: canva.com

Президент азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты деп санайды.

– Еуразия құрлығы әлемдегі өндірістік-ресурстық және экспорттық әлеуеті өте мықты аймақтардың бірі екені баршаға мәлім. Әлемде халық саны өсіп, басқа макроөңірлерде ресурстар шектеулі болған жағдайда 600 миллионға жуық адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Бұл ретте Одақтың жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі тек күшейе түседі. Біздің стратегиялық мақсатымыз – агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялық салаға айналдыру. Ол үшін жасанды интеллект, роботты техника, биотехнология және аграрлық ғылым салаларына негізделген серпінді инновациялық технологияларды енгізу жөнінде келісілген шаралар қабылдау өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу