Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеңесі Ресейдің бастамасымен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде кезең-кезеңімен суға таңбалау енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шешімге сәйкес ЕАЭО елдерінде таңбаланбаған бөтелкедегі су айналымына тыйым салу газдалған және газдалмаған табиғи минералды ауыз сулар үшін 2021 жылғы 1 желтоқсаннан және 2022 жылғы 1 наурыздан енгізілуі мүмкін. Бұл ретте ЕАЭО елдері таңбалауды іске қосу күні мен оның тәртібін дербес анықтайды.
Ресейде 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың маусымына дейін суды таңбалау бойынша сынақ жүргізілді, минералды суға міндетті таңбалау биылүы жылдың 1 желтоқсанынан бастап, ал барлық ауыз суларға келесі жылдың 1 наурызынан бастап енгізіледі.
2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда алкогольсіз сусындарды, оның ішінде бөтелкедегі суды таңбалау бойынша эксперимент жүргізілуде.