Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қажеттілігі қанағаттандырылады

932

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қажеттілігі қанағаттандырылады

Соңғы 5 жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде көкөніс өндірісі 13%-ға артты.  Бұл туралы Мәскеу облысы Красногорск қаласында өтіп жатқан "Көкөніс дақылдары-2017" ІІІ халықаралық аграрлық форумында Еуразиялық экономикалық комиссиясы агроөндірістік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен хабарлады.

"Көкөністерді арнайы жылыжайларда өсіруді арттыру көзделіп отыр, себебі импорттың 70%-ы бізге маусым емес кезде келеді. Біз бұл мәселелерді еуразиялық технологиялық платформалар аясында қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, Қазақстан мен Беларусияның қолдауы аясында Ресейде толық өндіріс циклі бар жоғары технологиялы жылыжай кешені құрылысының инновациялық пилоттық жобасы жасалды. Жобаны Еуразиялық даму банкі қаржыландыруы мүмкін", – деп атап өтті ЕЭК департаментінің директоры.

Одақтас мемлекеттер көбіне шикізатты экспорттап, дайын өнімді импорттайды. Мысалы, 2016 жылы сырттан консервіленген көкөністер жалпы сомасы 260 млн долларға әкелінген.

"Бұл өніммен өзімізді жергілікті өндіріс арқылы толығымен қамтамасыз ете аламыз", – деп сендірді С. Бубен.

ЕЭК-тың болжамы бойынша, 2018 жылы 2016 жылдың деңгейіне қарағанда егін алқабы мен көкөніс өндірісі 11%-ға өседі. Бұл өз кезегінде одаққа мүше мемлекеттер халқының бар қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу