Еуразиялық экономикалық одақпен 50-ден астам ел байланыс орнатқысы келеді – Саркисян

570

Еуразиялық экономикалық одақпен 50-ден астам ел байланыс орнатқысы келеді – Саркисян

Еуразиялық экономикалық одақпен 50-ден астам ел ынтымақтастық орнатқысы келеді деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төрағасы Тигран Саркисян бүгінгі өтіп жатқан "Еуразиялық апталық" форумда деп хабарлайды abctv.kz.

"Қазір өзара қарым-қатынас жасаудың екі түрін жақсы қолданып жатырмыз. Оның бірі – еркін сауда аймағы туралы келісімшарт. ЕАК-тың жоғарғы кеңесі бізге басым жеті елмен келісімшарт жасауға құқық берді. Иран, Израиль, Үндістан, Сербия, Сингапурмен қарқынды жұмыс жасап жатырмыз. Екіншісі  – бұл  бізбен өзара қарым-қатынасқа ниет білдірген елдермен жасалатын меморандумдар. 50-ден астам ел бізбен жұмыс жасап, өзараәрекеттесуге ықылас білдірді", – деді Тегран Саркисян.

Оның айтуынша, мұндағы екінші тәсіл жұмыс барысында қос  тараптың негізгі экономикалық мүддесін анықтауға мүмкіндік береді.  Ынтымақтастықтың әлеуеті мен пайдасын зерттейтін бірлескен жұмыс топтары құрылып жатыр.

"Ықылас білдірген 50 елдің көбісі бірден еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойғылары келіп отыр. Алайда президенттер тап осы кезеңдегі басым бағыттарды белгіледі. Яғни алдағы бес жылда өзіміздің  ықпалдастығымызды тереңдетіп, барлық кедергіні жоюымыз керек", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу