Еуразиялық экономикалық одақтағы түрлі кедергілер мен шектеулерді жою қажет

874

Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Еуразиялық экономикалық одақтағы түрлі кедергілер мен шектеулерді жою қажет

Өзбекстанның ЕАЭО-ға бақылаушы ел ретінде қосылғанына бір жыл уақыт өткенін тілге тиек еткен Шавкат Мирзиёев осы уақыт аралығында одаққа мүше мемлекеттермен байланыстың буынын бекітуге берік негіз қаланғанын айтты.

"Еуразиялық экономикалық комиссиямен жүйелі және тиімді жұмыс жолға қойылды. Өзбекстанның ЕАЭО құрамындағы мемлекеттермен сауда көлемі соңғы 11 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға ұлғайды. Өзбекстан ұйымға қатысушы мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстың оң серпінін және тұрақты дамуын сақтау бойынша келісілген шараларды әзірлеуді қолдайды", – деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан Президенті өзара саудадағы кедергілер мен шектеулерді жою қажеттігіне назар аударды.

"ЕАЭО елдерімен тауар айналымын ұлғайту үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау бойынша тиімді тетіктерді бірлесіп әзірлеу қажет", – деді Шавкат Мирзиёев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу