Еуразиялық көлік дәлізі аймағы елдерінің сауда, көлік саласындағы серіктестігін дамыту мәселесі Венада ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық комитетінің кеңесінде талқыланды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Талқылауға ЕҚЫҰ елдерінің, Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE), Баку халықаралық теңіз сауда портының өкілдері қатысты. Қазақстанның ішкі және сыртқы шегінде шоғырландырудың логистикалық орталықтарының тірек желілері мен жүк ағындарының дистрибуциясы дамуда, жеке секторды пайдалана отырып инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қолайлы жағдайлары жасалып жатыр. Азия, Еуропа, Түркия және Парсы шығанағы елдерінде мультимодальдық шешімдерді қолдану және логистикалық қызметті жетілдіру арқылы контейнерлік қызмет түрі белсенді дамып келе жатыр. ЕҚЫҰ сарапшылары Еуропа-Азия бағдарындағы жүк ағынына сұраныстың арта түскендігіне орай, кедендік бақылау мен экспорттық-импорттық операциялар мерзімін жеделдетіп, рәсімін жетілдіру керек екенін атап өтті.
Кездесуде логистика, машина жасау, коммуникациялық ақпараттық жүйедегі жергілікті бизнес өкілдерімен кездесуде австриялық әріптестермен өзара серіктестікті дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар логистикалық сервисті ақпараттандыру және жаңғырту саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық келешегі талқыланды.