Еуразиялық одақта жарты миллион адам жұмыссыз

1052

Еуразиялық одақта жарты миллион адам жұмыссыз

ЕАЭО-дағы жұмыссыздар саны 2016 жылдың қарашасында жарты миллионнан асты. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап 7kun.kz жазды.

Қарашада Қазақстандағы жұмыссыздар саны 64,6 мың адамды құрап, 2015 жылдың қарашасымен салыстырғанда 11%-ға өскен. Осы кезеңде Армениядағы еңбек биржасында тіркелген жұмыссыздар 5,9%-ға көбейген. Ал Беларусь елінде 17,1%-ға, Қырғызстанда 0,7%-ға және Ресейде 9,9%-ға төмендеді.

Халықаралық еңбек ұйымының соңғы мәліметі бойынша, ЕАЭО-дағы жұмыссыздық орта есеппен 5,4%-ға тең. Оның ішінде Арменияда — 18,1% (2016 жылдың ІІІ тоқсаны), Қазақстанда — 5% (2016 жылдың қарашасы), Қырғызстанда — 7,6% (2015 жыл), Ресейде — 5,4% (2016 жылдың қарашасы).

Есепке алынған жұмыссыздар саны одақ елдеріндегін экономикалық белсенді халықтың жалпы көлемінің 1,2%-ын құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу