Еуразиялық одақтың ортақ электр энергиясы нарығы туралы ереже бекітілді

472

Қазақстан делегациясы Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің биылғы бірінші отырысына қатысты. 

Еуразиялық одақтың ортақ электр энергиясы нарығы туралы ереже бекітілді Фото: Gov.kz

ЕЭК Кеңесінде Еуразиялық одақтың ортақ электр энергиясы нарығы мен мемлекеттік сатып алулардағы ережелері бекітілді, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар 38 мәселені қарады. Оның ішінде ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру мәселесі де бар.

"ЕАЭО-ның ортақ электр энергиясы нарығын қалыптастыру мақсатында Электр энергиясын берудің мемлекетаралық қызметтеріне қол жеткізу қағидалары бекітілді. Қатысушы елдер электр энергиясын мемлекетаралық тасымалдау қызметтеріне қол жеткізу қағидаттары, тәртібі, соның ішінде тиісті келісімдерді жасау, ресімдеу, өзгерту, тоқтату және басқа да ерекшеліктері бойынша ортақ пікірге келді. Құжат ортақ электр энергиясы нарығына қатысушылардың қуат көзін сату кезінде оны мемлекетаралық тасымалдауға кедергісіз қолжетімділігін айқындайды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, тиісті құжат 2-3 ақпанда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңеске бекітуге жолданады.

Бұдан басқа тұсқағаздар өндірісі үшін шикізат ретінде пайдаланылатын пластификацияланған поливинилхлоридке ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифі импорттық кедендік баж салығының нөлдік мөлшерлемесі бекітілді. 

"Мөлшерлеме ЕЭК Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен бастап және 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қолданыста болады. Қазіргі уақытта осы материалға қолданылып жүрген мөлшерлеме кедендік құнның 6,5% құрайды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, ЕЭК кеңесінің келесі отырысы 17 ақпан күні Мәскеуде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу