Еуразиялық патент ведомствосына жүгіну мүмкіндігі беріледі

587

Сенатта "1994 жылғы 9 қыркүйектегі еуразиялық патент конвенциясына өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы таныстырылды.  

Еуразиялық патент ведомствосына жүгіну мүмкіндігі беріледі

Әділет министрі Марат Бекетаевтың баяндауынша, хаттамада өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патенттердің құқықтық қорғау ерекшеліктері, әрекет ету қағидаттары, өтініш берушілердің, құқық иеленушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Еуразиялық патент ведомствосы жүзеге асыратын міндеттемелер мен уәкілеттік мәселелері қамтылған.  

"Заң жобасы өңірлік патент жүйесін жетілдіру мақсатында енгізіліп отыр. Халықаралық патенттеу кезінде әр мемлекетте жеке өтінім беру және жеке төлем төлеу әкімшілік кедергі болып келді. Қазақстандық өтінім берушілер үшін өңірлік жүйенің артықшылығы – объектіні 8 мемлекетте бір уақытта қорғау үшін Еуразиялық патент ведомствосына жүгіну мүмкіндігі", – деді Марат Бекетаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу