Елорданың 320-ден астам тұрғыны World Clean up Day 2019 Дүниежүзілік акциясы аясында "Еуразияның таза жағалауы" сенбілігінде жаппай тазалауға шықты, бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Жерұйық, Президент, Жетісу және Орталық саябақтары Ботаникалық бақ, "Көктал-1", "Сарыбұлақ", "Қарасу" өзендері мен "Нұрлы жол" жаңа теміржол станциясының жанындағы су қоймаларында қоқыс жиналды. Іс-шараға 320-дан астам қала тұрғыны қатысты, 3 бірлік арнайы техника, 5 бірлік жүк көлігі тартылды. 700 қап қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды, олардың басым бөлігі қалдықтарды қайта өңдеу кешеніне жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу