Еуроаймақтың ЖІӨ-сі екінші тоқсанда екі есе баяулады

1112

Бұған Германия ЖІӨ-нің қысқаруы әсер еткен. 

Еуроаймақтың ЖІӨ-сі екінші тоқсанда екі есе баяулады

Ресми дерекке сүйенсек, валюталық блокқа кіретін 19 елдің ЖІӨ-і сәуір және маусым айларында небәрі 0,2 пайызға өскен. Бұл туралы Еуроодақтың Статистикалық басқармасы жариялады. Ал 2019 жылдың қаңтар және наурыз айлары аралығында ЖІӨ 0,4 пайызға артқан болатын. 

Айта кететін жайт, еуроаймақтағы ең ірі экономика саналатын Германия экономикасының өсімі сәуір мен маусым аралығында 0,1 пайызға қысқарды.

Eurostat-тың дерегі бойынша, еуроаймақта жұмыспен қамтылудың өсімі екінші тоқсанда 0,2 пайызға дейін кеміген. Бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 0,4 пайыз болған еді.

Бұл мәліметтер Еуропалық орталық банктің кезекті отырысының қарсаңында жарияланып отыр. Сарапшылардың айтуынша, қаржы реттеушісі 12 қыркүйекте қаржы-несиелік саясатын жеңілдетуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу