Еуроаймақтың 19 елінің экономикасы 2016 жылдың төртінші тоқсанында өткен үш аймен салыстырғанда 0,4%-ға өскенін Еуропалық одақтың статистика басқармасының қорытынды мәліметтері растады, деп жазады "Интерфакс".
2015 жылдың қазан-желтоқсан айларымен салыстырғанда өсім 1,7%-ға жетті.
Екі көрсеткіштің динамикасы бұған дейін ақпан айында жарияланған бағалаулармен сәйкес келді.
Өткен жылдың үшінші тоқсанында Еуроаймақтың ЖІӨ тоқсан бойынша 0,4%-ға және жыл бойынша 1,8%-ға артты.
Еуроаймақтың тұтынушылық шығындары өткен ширекте оған дейінгі үш аймен салысырғанда 0,4%-ға өсті, мемлекеттік шығындар да 0,4%-ға артса, компаниялардың капитал салу деңгейі де 0,6%-ға өсті.
Қазан-желтоқсан айларында экспорт көлемі үшінші тоқсанмен салыстырғанда 1,5%-ға өссе, импорт 2%-ға артты.
Еуроаймақтағы орасан зор экономикасы бар Германияның ЖІӨ төртінші тоқсанда 0,4%-ға өссе, Франция – 0,4%, Италияда 0,2%-ға өсті.
Аймақтың мемлекеттері арасында ең төмен көрсеткішті Грекия көрсетті, оның төртінші тоқсандағы ЖІӨ үшінші тоқсанмен салыстырғанда 1,2%-ға қысқарды.