Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы "Шығыс" кенішінің ұжымы "Қазхром" ТҰК" АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытына фракцияланған көмірдің алғашқы легін тиеді, деп хабарлайды "ЕЭК" АҚ ЭС корпоративтік байланыстар қызметі.
Күрделіленген тау-кен геологиялық жағдайда және Екібастұз алабының дәстүрлі энергетикалық көміріне сұраныс төмендеген шақта "Шығыс" кеніші өзі үшін жаңа сегмент түрінде сапасы жоғары сыныпталған көмір түрін шығарып, өткізу нарығын кеңейте бастады. АқсуФЗ салмағы 4 896 тонна, күлі аз (37,5%) шығатын фракциясы 10-100 мм және калориялығы жоғары (4 503 кг/ккал) таңдамалы көмір жөнелтілді.
"Жасалған өндірістік тәжірибе күлі аз шығатын фракцияланған көмірді пайдалану кезінде негізгі тұтынушыларымыздың техникалық-экономикалық көрсеткіші айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Өткен жылы "Шығыс" кеніші мен Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері бірлесіп хромды, кремнийлі және марганец қорыту кезінде таңбасы КСН энергетикалық көмірді пайдалануды анықтауға бағытталған бірқатар зертханалық және тәжірибелік құрылымдық жұмыстар өткіздіКөмірдің сапасы мен оны реттеу тәсіліне қайта оралсақ, бүгінгі таңда біз тәжірибелік-өндірістік іске асыруы 2018-2019 жылдарға жоспарланған көмір байытудың бірнеше түрі әзірленіп жатырмыз. Зерттеу барысында тас көмірдің ерекше сипаты ашылды, арнайы жабдықтың технологиялық ерекшеліктері анықталуда", - деді "Шығыс" кенішінің директоры Юрий Гончаров.
Қазіргі таңда "Шығыс" кеніші күлділігі 43% дейін және 4 000 кг/ккал жылу беретін қабілеті бар орташаландырылған көмірді табысты өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. "Шығыс" отынының негізгі тұтынушысы "ЕЭК" АҚ Ақсу электрстанциясы орта есеппен 26 000 тонна көмірді тұтынады, бұл бір тәулікте өндірілетін көмірдің тең жартысы. Сонымен қатар, энергетикалық көмір Омбы, Павлодар және Рудный ЖЭО-ына бағытталады.
2017 жылғы 16 маусымда кеншілер "Шығыс" кенішінен көмірдің 550 миллионыншы тоннасын өндірген болатын. Өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында кеншілер аршылым коэффициенті төмен "Шығыс-2" даласында көмірді ашумен шұғылдануда.