Еурокеңес басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетуі мүмкін

433

Мишель бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсанынан бастап атқарады.   

Еурокеңес басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетуі мүмкін Фото: overclockers.ru

Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишель биылғы маусымда қызметінен кетіп, Еуропарламент сайлауында өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Politico газеті жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты www.interfax.ru порталына сілтеме жасап. 

Мишельдің Еуропалық Кеңес төрағасы ретіндегі мандаты осы жылдың қарашасында аяқталады. Ол тілшілерге Еуропалық Кеңес пен Парламенттегі жұмысты қатар алып жүре алмайтынын түсіндірді. Шарль Мишель Еуропарламент сайлауына қатысу үшін маусым айының ортасына дейін өтініш беруі тиіс. 

Еуропарламент депутаттарын сайлау биылғы 6-9 маусым аралығында өтеді.

Шарль Мишель сайланған жағдайда, 16 шілдеде парламентші ретінде ант бергенге дейін Еуропалық Кеңес басшысының міндетін атқарады. Еуропалық Кеңес төрағасының айтуынша, оның орнына келетін азаматтың есімі  маусымның аяғы мен шілде айының басында белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу