Еурокомиссия америкалық Google компаниясына айыппұл салды

836

Еурокомиссия америкалық Google компаниясына айыппұл салды

Еуропалық комиссия америкалық Google компаниясына 2,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды 24.kz.

Алпауыт корпорацияға ғаламтордағы іздеу жүйесінде өз үстемдігін пайдаланып, әділ бәсекелестік жүргізбеді деген айып тағылып отыр. Бұл Еуроодақтың монополияға қарсы заңына қайшы келген.

Еурокомиссия Google-ге осы әрекетті доғаруы үшін 90 тәулік уақыт берді. 60 күн ішінде компания кемшілікті жою үшін қандай қадам жасағаны жөнінде айыптаушыларға есеп беруі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, Alphabet-тің күндік айналымындағы қаржының 5 пайызына тең сомада тағы айып салынады. Еурокомиссия өкілдерінің айтуынша, салынған айып мөлшері компанияның құйтырқылық жасаған мерзімі мен сол аралықта тапқан табысын ескере отырып есептелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу