Еурокомиссия басшысы Киевке келді

524

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке келді. 

Еурокомиссия басшысы Киевке келді Фото: ria.ru

Бұл туралы саясаткер өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп жазады inbusiness.kz ria.ru порталына сілтеме жасап.

"Киевке оралғаныма қуаныштымын. Мұнда біз бағалайтын құндылықтар күн сайын қорғалуда. Сол себептен бұл Еуропа күнін тойлауға ең қолайлы орын. Мен Владимир Зеленскийдің 9 мамырды Еуропа күні етіп белгілеу туралы шешімін құптаймын", - деп жазды саясаткер.

Дүйсенбі күні Еурокомиссия өкілі Эрик Саммер Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйеннің Украинаға барып, Владимир Зеленскиймен кездесу өткізіледі деп жоспарланғанын хабарлаған.

Осыған дейін Владимир Зеленский Украинада 9 мамырды Еуропа күні деп белгілеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу