Еурокомиссия басшысы Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты

605

Келесі, Ресейге қарсы Еуропалық Одақтың санкцияларының 11-ші пакеті Мәскеуге қатысты енгізілген шектеу шараларын айналып өтуге қарсы күреске бағытталады. 

Еурокомиссия басшысы Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты Фото: img5.eadaily.com

Бұл туралы ЕО басшысы Урсула фон дер Ляйен Брюссельдегі ЕО саммитінің бірінші күнінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, дер жазады Inbusiness.kz.

"11-Санкциялар пакеті негізінен шектеулерді айналып өтуге, олқылықтардың алдын-алуға бағытталған", - деді ол.

ЕК басшысы санкциялардың жаңа пакеті бойынша жұмыс жүріп жатқанын не әлі басталмағанын, оның нақты қай уақытта енгізілетінін айтпады.

Украинадағы Ресей шабуылынан кейін ЕО елдері Ресей Федерациясына қарсы санкциялар енгізуді бастады. 10 санкциялық пакет қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу