Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке келді

409

Саясаткер Украина астанасына пойызбен жетті.      

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке келді Фото: pravda.ua

Құрметті мейманды Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига күтіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл – Еуропа комиссиясы төрайымының Украинадағы соғыс басталғалы бері оныншы мәрте Киевке сапарлап келуі.

Урсула фон дер Ляйен Киевке келген видеосын Х әлеуметтік желісінде жариялады.

"Осымен оныншы мәрте Киевке келіп тұрмын. Еуропа қыс бойы Украинаны қаржылай, әскери қолдай беретінін көрсету үшін келдім", – деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы.

Бұған қоса, саясаткер "бейбітшілік орнамайынша кері шегінбейтінін" мәлімдеді.

2022 жылғы 24 ақпанда, осыдан тура төрт жыл бұрын Ресей әскері Украина аумағына басып кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу